Үсенбаев Талғат Қадырханұлы - Мойынқұм ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы болып тағайындалды.
1985 жылы 17 қыркүйекте Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі жоғары.
2013 жылы Парасат колледжін, 2020 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетін «құқықтану»мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2013 жылы Мойынқұм ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесінің орман шебері болып бастаған.
2014-2022 жылдары Мойынқұм аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің әскери қызметшілерді келісім-шарт бойынша жинақтау және шақыру бөлімшесі бастығының аға көмекшісі, 2022-2023 жылдары Қызылотау және Мойынқұм ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, 2023-2025 жылдары Мойынқұм ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарған.
2025 жылдың 23 маусымынан бастап Мойынқұм ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы.