Бүгін Мойынқұм ауданының мәдениет үйінде Мемлекеттік қызметшілер күні, Полиция қызметкерлері және Сот саласының қызметкерлеріне арналған салтанатты жиын өтті.
Іс-шара барысында аудан әкімі Ермек Карентаев өз салаларында абыроймен еңбек етіп жүрген мемлекеттік қызметшілерді, құқық қорғау органдары мен сот жүйесінің өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, ел дамуына қосқан үлестері үшін алғыс білдірді.
Қоғам тұрақтылығы мен әділет саласының дамуына сүбелі үлес қосып келе жатқан сала мамандарына түрлі деңгейдегі марапаттар табысталды.
Салтанатты жиын соңында аудан өнерпаздарының қатысуымен мерекелік концерт өтті.