Құрметті мемлекеттік қызметшілер!
Сіздерді 23 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшілер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке – мемлекет пен халық арасындағы сенімді байланысты нығайтып жүрген кәсіби мамандардың еңбегіне көрсетілген зор құрметтің белгісі. Мемлекеттік қызмет – үлкен жауапкершілік пен адалдықты, біліктілік пен тиянақтылықты талап ететін абыройлы міндет.
Бүгінде Мойынқұм ауданында 130-дан астам мемлекеттік қызметші халыққа сапалы қызмет көрсету жолында табанды еңбек етіп келеді. Сіздердің әрбір істеріңіз – ауданның өсіп-өркендеуіне, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған маңызды қадам.
Мемлекеттік қызметкердің басты мұраты – елге адал қызмет ету. Осы орайда Сіздердің жауапкершілікпен атқарып жатқан қызметтеріңізге алғысымды білдіре отырып, еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, зор денсаулық тілеймін.
Еліміздің дамуы жолындағы қызметтеріңіз жемісті болсын!
Мерекелеріңіз құтты болсын!
Ізгі тілекпен,
Мойынқұм ауданының әкімі
Ермек Амангелдіұлы Карентаев