2025 жылғы білім беру маусымының қорытындысы бойынша Мойынқұм ауданының бірнеше озат түлегі — оқу озаттығының биік шыңы саналатын «Алтын белгі» төсбелгісінің иегері атанды. Бұл мәртебелі марапат – үздік үлгерім мен табанды еңбектің айғағы.
Аудан бойынша біліммен, еңбегімен ерекшеленген «Алтын белгі» иегерлерінің толық тізімі:
Изатілда Диана Арманқызы
Берік Жаншырай Мейірханқызы
Беден Ақниет Серғазықызы
Кеңес Ғазиза Алтайқызы
Бақытхан Мерей Бақытханқызы
Дәрібай Назерке Спартакқызы
Сүгірбай Тоғжан Есеналықызы
Орынбай Рахымжан Тимурұлы
Мажит Ақбота Қазбекқызы
Даурен Нұрлыайым Дауренқызы
Достай Айым Бақтыбайқызы
Мағзұм Альжана Алтынқызы
Советбек Зарина Жәнібекқызы
Салтанатты рәсімде аудан әкімі Ермек Карентаев түлектерді үлкен жетістіктерімен шын жүректен құттықтап, «Алтын белгі» төсбелгілерін салтанатты түрде табыстады. Ол өз сөзінде бұл жетістік – жас түлектердің ғана емес, ұстаздары мен ата-аналарының да ортақ еңбегінің жемісі екенін атап өтті.
«Сіздер — ауданымыздың үміті, еліміздің болашағысыздар. Алған білімдеріңізбен елге қызмет етіп, биіктерден көрініңіздер. Бұл алтын белгі – болашақ жеңістеріңіздің бастауы болсын!» – деді аудан басшысы.
Салтанатты шарада білім саласы ардагерлері мен мектеп директорлары да сөз алып, озат түлектерге ақ жол тіледі.
«Алтын белгі» иегерлері — бүгінгі білім бәйгесінің жеңімпаздары, ертеңгі ел тірегі болар тұлғалар. Олардың қажырлы еңбегі мен талапты талпынысы жастарға үлгі болары сөзсіз.