Қазақстанда Медицина қызметкерлерінің күні

Қазақстанда Медицина қызметкерлерінің күні

Құрметті медицина қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Адам өмірі мен денсаулығы – баға жетпес байлық. Ал сол байлықты сақтауға, адамға үміт пен өмір сыйлауға бар күш-жігерін арнап жүрген сіздерге алғыс пен құрмет шексіз.

Медицина саласы – терең білім мен шыдамдылықты, мейірім мен жанашырлықты қажет ететін жауапты әрі қастерлі мамандық. Әсіресе соңғы жылдарда қоғам дәрігердің қадірін терең түсінді. Сіздер күндіз-түні тыным таппай, әр науқастың жанына шипа, жүрегіне сенім сыйлап келесіздер.

Мойынқұм ауданы бойынша талай жанға араша болып, денсаулық саласының дамуына үлес қосып жүрген барлық дәрігерлерге, медбикелер мен сала ардагерлеріне ерекше алғысымды білдіремін.

Сіздердің адал еңбектеріңіз, кәсіби шеберліктеріңіз бен биік адамгершілік қасиеттеріңіз әрдайым құрметке лайық.

Баршаңызға мықты денсаулық, отбасылық амандық, қажымас қайрат пен табыс тілеймін!
Медицина қызметкерлері күні құтты болсын!

Ізгі тілекпен,
Мойынқұм ауданының әкімі
Ермек Амангелдіұлы Карентаев