Әке – отбасының тірегі: Мойынқұмда тағылымды кездесу өтті

Әке – отбасының тірегі: Мойынқұмда тағылымды кездесу өтті

15 маусым – Әкелер күніне орай Мойынқұм ауданында рухани-танымдық іс-шара ұйымдастырылды. Аудандық мәдениет үйіндегі Коворкинг орталығында өткен кездесудің басты мақсаты – отбасы құндылықтарын насихаттап, әке мен бала арасындағы байланысты нығайту, жастарды тәрбиелік бағытта қолдау болды.

Іс-шараға ауданның төбе биі Жамбыл Қалыбаев, ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұманазар Көдеков, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Манарбек Көшкінбаев, ауыл жастары мен тұрғындар қатысты. Сонымен бірге аудандық әкелер кеңесінің төрағасы Бекмұрат Жамбылов жастармен кездесіп, өмірлік тәжірибесімен бөлісті.

Кездесу барысында жастар мен әкелер ашық сұхбат құрып, отбасыдағы әкенің рөлі, ұрпақ тәрбиесіндегі жауапкершілігі жөнінде өзара пікір алмасты. Ардагерлер мен қоғам белсенділері жас ұрпаққа бағыт-бағдар беретін тағылымды ойларын ортаға салды.

Шара соңында қатысушыларға алғыс айтылып, мұндай рухани бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табатыны жеткізілді.