Қуандық Төлеубеков Мойынқұм ауданы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды

Қуандық Төлеубеков Мойынқұм ауданы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды

2025 жылдың 9 маусымынан бастап Төлеубеков Қуандық Серікбайұлы Мойынқұм ауданы әкімінің орынбасары лауазымына ресми түрде кірісті.

Қуандық Серікбайұлы 1986 жылы 25 қарашада Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Кіші-Қамқалы ауылында дүниеге келген. Жоғары білімді, мамандығы — қаржыгер және экономист. Ол мемлекеттік қызмет пен экономика саласында жинаған мол тәжірибесімен ерекшеленеді.

Еңбек жолын 2010 жылы халыққа қызмет көрсету орталығында бастаған Қуандық Төлеубеков кейін түрлі салаларда жауапты қызметтер атқарды. Атап айтқанда, ол:

  • Мыңарал ауылдық округі әкімдігінде,

  • Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінде,

  • Ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және өнеркәсіп бағыттарында жетекшілік қызметтер атқарған.

Қызметтік жолында түрлі салаларды үйлестіріп, стратегиялық шешімдер қабылдаудағы қабілетімен танылған Қуандық Серікбайұлы енді аудан әкімінің орынбасары ретінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қоспақ.