ХАБАРЛАМА
2022 жылғы 20 ақпанда Мойынқұм ауданы Шығанақ ауылдық окргугінің әкімін сайлауы өтті.
Мойынқұм аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Мойынқұм ауданы Шығанақ ауылдық окргугінің әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын анықтады:
Шығанақ ауылдық окргугі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1480 азамат енгізілді, оның ішінде 1219 адам дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 26, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 1.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Сабитов Т.Б. – 1045; Кенетаев А.А. – 147; Шығанақ ауылдық окргугінің әкімі болып Сабитов Таңатар Боранбайұлы сайланды, 1963 жылы туған, алдыңғы жұмыс орны: Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Мыңарал ауылдық округінің әкімі, Мойынқұм ауданы Шығанақ ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
Мойынқұм аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2022 жылғы 21 ақпандағы шешімімен 2022 жылғы 20 ақпанда сайланған Мойынқұм ауданы Шығанақ ауылдық окргугінің әкімін тіркеді.
Мойынқұм аудандық сайлау комиссиясы