Меню

Страницы

Статья

2021 жылғы 25 шілдеде Мойынқұм ауданында төрт сайлау округі бойынша ауылдық округтер әкімдерінің сайлауы өтті.

 

2021 жылғы 25 шілдеде Мойынқұм ауданында төрт сайлау округі бойынша ауылдық округтер әкімдерінің сайлауы өтті.

Мойынқұм аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының ауылдық округтер әкімдерін сайлау нәтижелері туралы хаттамалары негізінде Мойынқұм ауданы бойынша сайлау қорытындысын шығарды:

 

Кеңес сайлау округі

Кеңес ауылдық округ әкімі сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1046 азамат енгізілді, олардың 998-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 21, "барлығына қарсы" деген жолда белгі қойылған-12.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Айжарыкова Ж.К. – 58; Мукашев А.С. – 903; Қуанышұлы А. – 4.

Кеңес ауылдық округінің әкімі болып сайланған Мукашев Адлет Сакенович, 1965 жылы туған, Кеңес ауылдық округінің әкімі,Кеңес ауылдық округі Айдарлы ауылында  тұрады, «Nur Otan» партиясы ұсынды.

 

Қызылтал сайлау округі

Қызылтал ауылдық округ әкімі сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 631 азамат енгізілді, олардың 583-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 6, "барлығына қарсы" деген жолда белгі қойылған-7.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Айдаркулов Ж.Т. – 535; Абдалиев Д.А. – 11; Оспанов К.Ж. – 24.

Қызылтал ауылдық округінің әкімі болып сайланған Айдаркулов Жанибек Танкашевич, 1980 жылы туған, Бурыл-Байтал орман шаруашылығының өрт сөндіру бөлімшесінің басшысы, Қызылтал ауылдық округі Көкжелек ауылында  тұрады, «Nur Otan» партиясы ұсынды.

 

Қызылотау сайлау округі

Қызылотау ауылдық округ әкімі сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 358 азамат енгізілді, олардың 330-ы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 4, "барлығына қарсы" деген жолда белгі қойылған-5.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Алпанов Т.М. – 22 ; Куантаев Ж.Е. – 278; Саурыков Н.Е. – 21.

Қызылотау ауылдық округінің әкімі болып сайланған Куантаев Жандос Елубаевич, 1990 жылы туған, Кеңес ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Кеңес ауылдық округі Айдарлы ауылында  тұрады, өзін-өзі ұсынды.

 

Ұланбел сайлау округі

Ұланбел ауылдық округ әкімі сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 564 азамат енгізілді, олардың 449-ы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 40, "барлығына қарсы" деген жолда белгі қойылған-11.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Абасов Е. – 358 ; Тобағабылова П.Қ. – 18; Садуов Ж.А. – 22.

Ұланбел ауылдық округінің әкімі болып сайланған Абасов Еркебұлан, 1991 жылы туған, Жастар ресурстық орталығының бөлімше басшысы, Мойынқұм ауылдық округі Мойынқұм ауылында  тұрады, өзін-өзі ұсынды.

 

Мойынқұм аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы "Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2021 жылғы 26 шілдедегі шешімімен 2021 жылғы 25 шілдеде сайланған Мойынқұм ауданының Кеңес, Қызылтал, Қызылотау және Ұланбел ауылдық округтерінің әкімдерін тіркеді.

 

 

Мойынқұм аудандық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
26 июля 2021
Дата обновления
26 июля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
26 ноября 2025
Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комиссиясы жанынан құрылған Жас сайлаушылар клубының ФОРУМЫ
20 ноября 2025
28 апреля 2025
Кеңес ауылдық округінің кандидаттары туралы ақпарат

Социальные медиа

Меню подвал

Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты