Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Ақсүйек ауылы әкімінің сайлау қорытындылары туралы
ХАБАРЛАМА
2026 жылғы 12 шілдеде Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Ақсүйек ауылы әкімінің сайлауы өтті.
Ақсүйек ауылы бойынша:
Сайлаушылар тізіміне 414 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 258 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс –17 сайлаушы қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны - 3.
Ақсүйек ауылы әкімінің сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Жалдыбай Бекнұр Қайнарұлы үшін сайлаушылардың 16 дауысы берілді,
Жунусов Гани Спартакулы үшін сайлаушылардың 210 дауысы берілді.
Тынышбеков Самат Тобабергенович үшін сайлаушылардың 21 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 4.
Сайлау қорытындыларымен: Ақсүйек ауылының әкімі болып Жунусов Гани Спартакулы сайланды. 1979 жылы туған, Мойынқұм ауданы Ақсүйек ауылының әкімі, Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Ақсүйек ауылының тұрғыны.
Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комиссиясы