"Діни экстремизм қоғам дерті" тақырыбында кездесу өтті.

"Діни экстремизм қоғам дерті" тақырыбында кездесу өтті.

Жастар – біздің болашағымыз, ол бізден күнделікті қамқорлық пен тынымсыз ілтипатты қажет етеді. Жастарымыздың адамзаттық болмыстағы, әсіресе, дін саласы сияқты нәзік саладағы құнды бағдарларын білу өте маңызды. Діни тәрбиені отбасыдан беру керек. Себебі, «ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген сөз бар.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, тәуелсіздіктің нығаюы үшін этносаралық кикілжіңдерді болдырмай, дінаралық татулықты сақтау бағытында көптеген шаралар ұйымдастырылуда. Соның ішінде аталған мақсатқа қол жеткізу үшін ауылдағы дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері жоспарға сай жұмыстар жүргізіп келеді.