ҚР СТ 989-2014 стандарты жаңа талаптар бойынша қолданылатын болады

ҚР СТ 989-2014 стандарты жаңа талаптар бойынша қолданылатын болады

 М.  Әуезов  атындағы   орта   мектебінің   мәжіліс  залында  ақпараттық – насихаттық қызметті жүргізу және ҚР Мемлекеттік рәміздерін қолдануды түсіндіру бойынша жұмыстар талқыланды.

Атап айтқанда, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР СТ 989-2014 стандартын қолдану (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар) жаңа талаптар бойынша жүзеге асырылатын болады, яғни Мемлекеттік Елтаңба конусының бетінде «Шаңырақ» осіне қатысты «QAZAQSTAN» деген жазу латын графикасындағы «QAZAQSTAN» деген жазумен ауыстырылатын болады.

Кеңесте  Ұланбел   ауылдық   округ  әкімі   аппаратының  бас маманы - Усембаев  Талғат  Алпысбайұлы  жоғарыда аталған жаңашылдықты облыстық ішкі саясат басқармасымен және аудандық ішкі саясат бөлімдерімен бірлесіп, облыстық ауқымдағы газеттерде, сондай - ақ аудандық газеттерде жарияланымдармен, мемлекеттік органдармен кеңестердің дөңгелек үстелдерін өткізумен, сондай-ақ әлеуметтік желілерде (Facebook, Instagram) жариялаумен түсіндіру қажет екенін атап өтті.