4 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні

4 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні

4 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай Мыңарал ауылдық округінде Әнұран шырқалды.

Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Сондай-ақ рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер.