Құрметті ауыл тұрғындары!
Сіздерді мұсылмандардың қасиетті мерекесі —Ораза айт күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Рамазан – береке мен бірлік, кешірім мен мейірім және қайырымдылықтың айы. Осынау қасиетті айдың аяқталуына орай аталып өтетін айт мерекесі халқымыз үшін діни ғұрып ғана емес, ұлттық дәстүрімізбен біте қайнасып кеткен ұлық мейрам.
Ораза айт мерекесі ұлттар мен ұлыстарды ынтымаққа ұйыстырады. Иманды күшейтіп, азаматтарымызды қайырымды іс жасауға, жақынына көмектесіп, мұқтаждарға қол ұшын беруге жігерлендіреді.
Дана халқымыздың «Бірлік болмай, тірлік болмайды» деген сөзінен де татулық, ынтымақ ұғымдарын құрметтеудің үлгісін көреміз.
Қасиетті айда барша қауым елімізде орын алған су тасқынына байланысты ауыр жағдайдан құтылуды тілегені анық. Соған орай игі амалдар мен алыстағы ағайынға қолдау білдірдіңіздер. Барлығы қабыл болсын, тілеген тілектеріңіз орындалсын.
Қымбатты жерлестер!
Сіздерді Ораза айт мейрамымен құттықтай отырып, баршаңызға дүниедегі барлық ізгі жақсылықтар мен игі қуаныштарды тілеймін. Алла Тағала барлықтарыңыздың амалдарыңызды қабыл етсін.