Үндістанның Нью-Дели қаласында өткен армрестлингтен жасөспірім қыздар арасындағы Азия чемпионатында жамбылдық спортшылар топ жарды.
Сарысу ауданына қарасты Арыстанды ауылының тумалары Гүлнәр Әлиева мен Қарлығаш Елдосқызы қарсылас шақ келтірмей, өз салмақ дәрежелерінде алтын медаль жеңіп алды.
Сондай-ақ, Түгіскен ауылынан барған тағы бір спортшы Ләззат Айтжан күміс жүлдені иеленді.
Жас спортшыларды жарысқа дайындаған жаттықтырушы Ержан Қалмахановтың айтуынша, бұл – жоспарлы еңбектің нәтижесі.
Айта кетейік, жарыс 3–11 мамыр аралығында өтіп, оған Азияның түкпір-түкпірінен ең мықты спортшылар жиналды.