
Мойынқұм ауылдық округі әкімдігінде құқықтық кабинет өз қызметін атқаруда.
Аталған кабинетте азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қажетті нормативтік-құқықтық актілерге еркін қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында барлық жағдай жасалған. Тұрғындар қолданыстағы заңдар, қаулылар, ережелер және өзге де құқықтық құжаттармен танысып, өздеріне қажетті материалдарды іздеп таба алады және басып шығару мүмкіндігі қарастырылған.
Құқықтық кабинет жұмыс кестесіне сәйкес қызмет көрсетеді және ауыл тұрғындарына құқықтық ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған.