Меню

Страницы

Статья

Денсаулық сақтау

Денсаулық сақтау-халықтың денсаулығын қорғауды ұйымдастыратын және қамтамасыз ететін мемлекеттік сала

Бұл әр адамның физикалық және психикалық денсаулығын сақтауға және нығайтуға, салауатты өмірді сақтауға және денсаулығының нашарлауы кезінде медициналық көмек көрсетуге бағытталған саяси, экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, ғылыми, медициналық, санитарлық-гигиеналық, эпидемияға қарсы және мәдени сипаттағы шаралар жиынтығы. Ол үшін арнайы әлеуметтік институттар құрылуда.

Денсаулық сақтау жүйелері-бұл халықтың мақсатты топтарының медициналық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін құрылған ұйымдар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәліметтері бойынша, жақсы жұмыс істейтін денсаулық сақтау жүйесі қаржыландыру механизмін, жақсы дайындалған және барабар ақылы жұмыс күшін, шешімдер мен саясатқа негізделетін сенімді ақпаратты, сондай-ақ сапалы дәрі-дәрмектер мен технологияларды жеткізу үшін жақсы күтімді медициналық мекемелерді қажет етеді.

Денсаулық сақтау халықаралық дамудың ажырамас элементі болып табылады. Денсаулық сақтаудың тиімді жүйесі ел экономикасына, оның дамуы мен индустрияландырылуына елеулі үлес қоса алады. Денсаулық сақтау дәстүрлі түрде бүкіл әлемдегі адамдардың жалпы физикалық және психикалық денсаулығы мен әл-ауқатын анықтайтын маңызды фактор болып саналады.

2024 жылы МӘМС үшін кім қанша төлеуі керек?

Мемлекеттің бір азаматқа төленетін жарнасы айына 5852,63 теңгені құрайды.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға төленетін жарналар мен аударымдар мөлшері өзгерді. Сақтандыру жарнасы ең төмен жалақы (ЕТЖ) мөлшерімен есептеледі. Биыл ең төмен жалақы 85 мың теңгені құрайды.
Жарна төлеушілердің бірнеше санаты бар. Біріншісі – мемлекет тарапынан сақтандырылатын 15 жеңілдік санаты. Олар:

балалар;
зейнеткерлер;
ҰОС ардагерлері;
барлық топтағы мүгедектер;
"Алтын алқа", "Күміс алқамен" марапатталған көпбалалы аналар;
жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;
декретте отырған аналар;
мүгедек бала күтіміне байланысты жұмыс істемейтін азаматтар;
студенттер және т.б. кіреді.

Жеңілдік берілген халықтың жалпы саны 11 миллионға жетіп жығылады. 2024 жылы мемлекеттің бір азаматқа төленетін жарнасы айына 5852,63 теңгені құрайды.
Атап айтқанда, биыл жұмыс берушілер қарамағындағы қызметкерлер үшін бұрынғыша, жалақының 3% мөлшерінде аударым жасайды. Төлемнің шекті мөлшері 10 ЕТЖ немесе 25 500 теңгеден аспайды. Жұмыс беруші аударымды өз қалтасынан төлейді. Ал жұмыскерлер жалақысынан 2% ұстап, Қорға аударады. Жарнаның шекті мөлшері 10 ЕТЖ немесе 17 мың теңгеден аспауға тиіс.

 

Дата публикации
12 января 2024
Дата обновления
12 января 2024
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Сөз сөйлеу
14 февраля 2025
2024 жылдың қорытынды есебі
Сөз сөйлеу
14 февраля 2025
2024 жылдың қорытынды есебі
Ақпарат
04 марта 2024
Екі ай тазалық жұмыстары басталды

Социальные медиа

Меню подвал

Экран дикторы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы