🌷 ҚАРТТАР КҮНІ – ҚАДІРЛІ ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ! 🌷
1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Көкжелек және А. Назарбеков ауылдарында тағылымды іс-шаралар ұйымдастырылды.
Қос ауылдың ардақты қарттарын Қызылтал ауылдық округінің әкімі Д. Атаев арнайы құттықтап, жүрекжарды ізгі тілегін жеткізді. 🌿
Ақ жаулықты әжелер мен ақсақалды аталарға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен береке тіленді.