
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Қызылту ауылдық клубы мен Б.Момышұлы атындағы мектеп бірлесіп мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырды.
Шара барысында ауыл өнерпаздары өз өнерлерін көрсетіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар, «Балауса би» үйірмесінің қыздары әсем билерін орындап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.
Мерекелік кештің соңында ауыл депутаты Пернебай ағамыздың және ауыл әкімі Жармағамбетов Асқар ағамыздың демеушілігімен балаларға балмұздақ таратылып, бүлдіршіндерге ерекше қуаныш сыйланды.
Балалардың шат күлкісі мен көтеріңкі көңіл-күйі мерекенің сәнін келтіріп, іс-шара жоғары деңгейде өтті. Балаларымыз аман болып, әрдайым бақытты балалық шақтың қызығын көре берсін! 🌸🎈👧