2025–2026 оқу жылы қорытындыланды.

2025–2026 оқу жылы қорытындыланды.

Мектебімізде 2025–2026 оқу жылын қорытындылауға арналған «Момышұлы жұлдыздары» атты салтанатты іс-шара өткізілді. Шара барысында оқу жылы бойы білім, өнер, спорт және қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытқан оқушылар марапатталды.

Салтанатты жиында ұстаздар мен ата-аналарға алғыс айтылып, үздік жетістік көрсеткен оқушыларға Алғыс хаттар табысталды. Сонымен қатар, мектептің қоғамдық өміріне белсенді қатысқан шәкірттердің еңбегі ерекше атап өтілді.

Іс-шара оқушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, бір жылдық еңбектің нәтижесін қорытындылаған тағылымды кешке айналды.