25-қазан Республика күніне орай ауыл әкімшілігінің мәжіліс залында өткізілген іс шара.

25-қазан Республика күніне орай ауыл әкімшілігінің мәжіліс залында өткізілген іс шара.

 

25 Қазан – Республика күніне орай мерекелік іс-шара өтті

25 қазан – Республика күніне орай ауыл әкімшілігінде салтанатты жиын ұйымдастырылды. Шараны клуб меңгерушісі Болат Жақсылықов ашып, қатысушыларды мерекемен құттықтап, шағын мерекелік бағдарламаны ұсынды.

Іс-шара барысында ауылдық кітапханашы Дария апайымыз сөз сөйлеп, жастарға тағылымды ой айтып, үлгі боларлық сәт ретінде домбырамен сазды әуен орындады.

Жиын соңында ауыл әкімі құттықтау сөз сөйлеп, қызметкерлеріне арнайы алғыс хаттар табыстап, олардың еңбегіне жоғары баға берді.