Мойынқұм ауданының 60 жылдығына орай "Мойынқұм - құт мекенім"тақырыбындағы Күшаман ауылының мәдениет және өнер күні

Мойынқұм ауданының 60 жылдығына орай "Мойынқұм - құт мекенім"тақырыбындағы Күшаман ауылының мәдениет және өнер күні

2025 жылдың 1-сәуірінде Күшаман ауылында Мойынқұм ауданының 60 жылдығына орай Күшаман ауылының мәдениет және өнер күні мерекелік іс-шарасы өткізілді. Аталған мерекелік іс-шарада концерттік бағдарлама өткізіліп, ауылдың тұрмыс-тіршілігін баяндайтын көрме ұйымдастырылды. Сонымен қатар, қазақ үйлер тігіліп, қазақи дәстүрмен ақ дастархан жайылып, ауыл тұрғындары мен қонақтарына дәм-сулар ұсынылды. Мерекелік іс шараға ауыл ақсақалдары, ақ әжелері қатысып, қазақтың салт-дәстүріне сай киінген ауыл келіндері ат салысты.