Ермек Карентаев Күшаман ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді

Ермек Карентаев Күшаман ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді
 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, аудан әкімдері жылына екі рет тұрғындармен кездесуге міндетті. Осыған орай аудан әкімі Ермек Кәрентаев Құшаман ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді. Жиын барысында тұрғындар көгілдір отынмен қамту, мектеп ғимаратының жай-күйі, жолдағы қараусыз қалған малдар, жайылым мен көше шамдарының тапшылығына қатысты өзекті мәселелерді көтерді.

Жиынға аудан әкімдігінің тиісті бөлім басшылары, мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдігінің өкілдері, ауыл тұрғындары қатысты. Барлық көтерілген мәселелер жан-жақты талқыланып, жауапты сала мамандары түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Басқосуда басым сұрақтардың көпшілігіне жауаптар берілді.