"Терроризм-бұл білу керек нәрсе"

"Терроризм-бұл білу керек нәрсе"

Терроризм-қоғамға, мемлекет қауіпсіздігіне және халықаралық тұрақтылыққа тікелей қауіп төндіретін құбылыс. Ол зорлық-зомбылықты, қорқыныш пен дүрбелеңді негізгі құрал ретінде қолдана отырып, саяси діни немесе идеологиялық мақсаттарға жетуге бағытталған. Террористер өз әрекеттерін қоғамды қорқыту, мемлекеттік органдарға қысым көрсету немесе белгілі бір идеяларды күштеп мойындау үшін жасайды.Терроризм-қазіргі заманның ең үлкен қауіптерінің бірі. Оған қарсы күрес тек күшпен ғана емес, сонымен қатар білім беру, түсіндіру, әлеуметтік қолдау сияқты кешенді тәсілдермен де жүргізілуі керек.