Аудан әкімінің ауыл тұрғындарымен кездесу жиыны

Аудан әкімінің ауыл тұрғындарымен кездесу жиыны

Ауыл тұрғындарының өтініштері тыңдалды.Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықпен кездесудің жаңа форматын енгізу туралы Жарлығына сәйкес аудан әкімі Ермек Карентаев Көшаман ауылында халықпен арнайы кездесу өткізді. Кездесуге аудан әкімінің орынбасарлары, тиісті бөлімдердің басшылары және ауыл тұрғындары қатысты. Кеңес барысында ауыл тұрғындары көмір бағасының өсуіне,жаяу жүргіншілер жолдарының құрылысына, жайылымдық жерлер тапшылығына және ауыл шаруашылығына қатысты өзекті мәселелерді көтерді. Аудан әкімі Ермек Амангелдіұлы тұрғындардың барлық сұрақтары мен ұсыныстарын мұқият тыңдап, оларды шешу бойынша нақты шаралар қабылданатынын атап өтті. Сондай-ақ жауапты бөлімдердің басшылары мен орынбасарларына тапсырмалар берілді.