2024 жылдың 15 сәуірінде аудан әкімі Балқыбеков Әлихан Аблашұлы Қылышбай ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Отырысқа аудандық мәслихат депутаты Саурықов Нұртас Ұзақұлы және аудандық бөлім, мекеме басшылары, ауыл тұрғындары, ауылдық мекеме басшылары қатысты. Кездесу барысында ауыл тұрғындары көтерген мәселелер шешіліп, кездесу қорытындысы бойынша ауыл әкіміне бірқатар міндеттер қойылды. Ауыл тұрғындарының атынан аудан әкімі Әлихан Аблашұлы Балықбековке алғыс айтып, батасын берді. 15.04.2024ж