
Т. Рысқұлов ауданында тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Жыл басынан бері 80 отбасы жаңа тұрғын үйлердің кілттерін иеленді.
Т. Рысқұлов ауданында бірқатар отбасыға жаңа баспананың кілттері салтанатты түрде табысталды. Бұл – азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға және тұрғын үй мәселесін шешуге бағытталған мемлекеттік қолдаудың нақты нәтижесі.
Салтанатты шара барысында аудан әкімі Ернар Есіркепов жаңа баспанаға ие болған отбасыларды құттықтап, үй иелеріне тұрғын үй кілттерін табыстады. Жиынға тұрғындармен бірге аудан ардагерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысты.