
«Құқықтық тәртіп»: пробация есебіндегі азаматтардың тұрғылықты мекенжайлары тексерілді
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Тараз қаласы №1 пробация қызметі «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтардың тұрғылықты мекенжайлары бойынша профилактикалық-тексеру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – пробация есебінде тұрған адамдар тарапынан қайта құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, олардың белгіленген міндеттерді сақтауын бақылау, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қоғамға қайта бейімделуіне ықпал ету.