
Заң және тәртіп: Балалардың түрлі мамандық иелерімен кездесуі
Бүгін даярлық «Түймедақ» тобының тәрбиеленушілері полиция қызметкерлерімен қызықты кездесу өткізді. Кездесу барысында мамандар өз қызметінің маңыздылығы, қоғамдағы қауіпсіздікті сақтау жолдары және полиция мамандығының ерекшеліктері туралы айтып берді.
Балалар полиция қызметкерлерінің жұмысымен танысып, қызықтырған сұрақтарын қойып, мазмұнды жауаптар алды. Мұндай кездесулер балалардың түрлі мамандықтарға деген қызығушылығын арттырып, заңды құрметтеуге, тәртіпті сақтауға және елінің қауіпсіздігі үшін қызмет ететін мамандардың еңбегін бағалауға тәрбиелейді.