
Мойынқұм ауданы прокуратурасының үйлестіруімен аудандық полиция бөлімімен бірлесіп аудан аумағында құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған профилактикалық рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде жүргізілуде.
Профилактикалық іс-шара барысында қоғамдық тәртіптің сақталуы, жол қозғалысы қауіпсіздігі, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық орындарында және қоғамдық орындарда болуы, сондай-ақ өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Іс-шараның мақсаты – құқық бұзушылықтардың жолын кесу, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жасөспірімдер арасындағы қадағалаусыздықтың алдын алу және қоғамда заң мен тәртіп қағидатын нығайту.
Заң мен тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілі!