Жамбыл облысында полицейлер тұрғындарға балалардың жазғы қауіпсіздігі туралы еске салды

Жамбыл облысында полицейлер тұрғындарға балалардың жазғы қауіпсіздігі туралы еске салды

Жамбыл облысында полицейлер тұрғындарға балалардың жазғы қауіпсіздігі туралы еске салды

Жамбыл облысында полиция қызметкерлері Төтенше жағдайлар департаментінің мамандарымен бірлесіп, жаз мезгілінде балалардың қатысуымен болатын жазатайым оқиғалардың алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шара өткізді.

Іс-шара барысында су айдындарындағы қауіпсіздік пен көпқабатты тұрғын үйлердің терезелерінен балалардың құлап кетуінің алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Полицейлер тұрғындарға тек арнайы жабдықталған және рұқсат етілген орындарда ғана шомылу, балаларды қараусыз қалдырмау, мас күйінде суға түспеу, сондай-ақ құтқару құралдарын пайдаланудың маңыздылығын еске салды.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындарымен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Азаматтарға балалардың терезеден құлап кетуінің негізгі себептері түсіндіріліп, кәмелетке толмағандарды үнемі бақылауда ұстаудың маңыздылығы айтылды. Ерекше назар масаға қарсы торлардың қауіптілігін және олардың баланы құлап кетуден қорғай алмайтынына аударылды. Пәтер иелеріне терезелерге арнайы шектеулер мен қорғаныс бекіткіштерін орнату ұсынылды.