Мойынқұмда облыстық «Smart Battle: Жастардың білім сайысы» өтті

Мойынқұмда облыстық «Smart Battle: Жастардың білім сайысы» өтті

Мойынқұм ауданының құрылғанына 60 жыл және Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Жазылбек Қуанышбаевтың 130 жылдық мерейтойына орай Мойынқұм ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен облыстық «Smart Battle: Жастардың білім сайысы» жоғары деңгейде өтті. Шараның ашылу салтанатында сөз сөйлеген аудан әкімі Ермек Карентаев командаларға жеңіс тіледі.

Зияткерлік дода жастардың шешендік қабілетін, логикалық және сыни ойлауын, көшбасшылық қасиеттерін дамытуға, сондай-ақ олардың білім көкжиегін кеңейтуге бағытталды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы ұсынған 30 кітапты насихаттап, жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, сөздік қорын байыту және еркін пікір алмасу мәдениетін қалыптастыру мақсат етілді.

Білім бәйгесіне Жамбыл облысының 7 ауданынан келген командалар қатысып, 5 кезең бойынша өзара бақ сынасты. Әр кезеңде қатысушылар білімдері мен тапқырлықтарын, жылдам ойлау қабілеттерін көрсетіп, тартысты ойын өрнегін паш етті.