📌 Рақымшылық жасау актісі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Тараз қалалық прокуратурасының үйлестіруімен Тараз қаласы пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған азаматтарға Мемлекет басшысының бастамасымен қабылданған рақымшылық жасау актісінің талаптары түсіндірілді.
Кездесу барысында рақымшылықты қолдану тәртібі, оған ілігу шарттары және қажетті құжаттар бойынша азаматтардың сұрақтарына жан-жақты жауап берілді.
Іс-шараның мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттырып, олардың қоғамға бейімделуіне қолдау көрсету және заң талаптарын сақтаудың маңызын түсіндіру.