Жамбыл облысы полиция департаменті жазғы демалыс кезеңінде өңірдегі барлық балалар лагерьлері полицияның бақылауында болатынын мәлімдеді.

Жамбыл облысы полиция департаменті жазғы демалыс кезеңінде өңірдегі барлық балалар лагерьлері полицияның бақылауында болатынын мәлімдеді.

Жамбыл облысындағы барлық жазғы лагерьлер полиция бақылауында

Бүгін, 09:17

Жамбыл облысы аумағында жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық жұмыстар күшейтілді. Биыл өңірде 217 мыңнан астам оқушыны жазғы демалыспен қамту жоспарланып отыр.

Осыған байланысты қазіргі таңда балаларды қабылдап жатқан өңірдегі барлық сауықтыру лагерьлері полиция қызметкерлерінің бақылауына берілді.

Әр лагерьде кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар жұмыс істейді. Олар балалар мен лагерь қызметкерлеріне тұрақты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Профилактикалық кездесулер барысында жол қозғалысы ережелері, судағы қауіпсіздік, қоғамдық орындардағы тәртіп сақтау және құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері түсіндіріледі.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері лагерь аумағындағы қауіпсіздік талаптарының сақталуын тексеріп, балалардың қараусыз қалмауына ерекше назар аударуда. Әсіресе экскурсиялар, серуендер және су айдындары маңындағы демалыс кезінде қауіпсіздік шаралары күшейтілген.

Профилактикалық есепте тұрған жасөспірімдер мен қолайсыз отбасылардан шыққан балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселесі де бақылауда.

– Балалардың қауіпсіздігі – біздің басты міндетіміз. Осы бағытта барлық лагерьлерде профилактикалық әрі түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Әрбір бала жазғы демалысын