
🔰Қала тазалығын сақтап, тұрғындардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету – «Жасыл ел-Тараз» ЖШС ұжымының басты міндеттерінің бірі. Бүгінде шаһарда 2025-2026 жылдардың қысқы маусымына дайындық жұмыстары толықтай аяқталды.
🔹Қысқы кезеңде аталмыш серіктестік шаһар аумағындағы автокөлік және жаяу жүргіншілер жолдарында (тротуарларда) төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында қар тазалау және тұз аралас құм себу жұмыстарын жүргізеді.
✅Биылғы маусымда 110 көшеде қар тазалау және сырғанауға қарсы тұз-құм қоспасын себу жоспарланған. Бұл жұмыстарға 42 бірлік арнайы техника жұмылдырылады. Атап айтқанда, 21 бірлік қар тазалайтын автотехника, оның ішінде 15-і тұз аралас құм себуші, 6-ы қар күрейтін техника, сондай-ақ 2 автогрейдер, 6 «МК-320» маркалы, 2 «МТЗ-82» (қалақ, щеткасы бар) жаяу жүргіншілер жолдарын (тротуар) тазалайтын, 4 құм және қар тиегіш (погрузчик) техникалар, 5 өзі аударғыш (самосвал) КАМАЗ және 2 қар тиегіш «Амкодор» көлігі бар.
✅Сонымен қатар қазіргі таңда қоймада 6 320 текше метр құм және 1531 тонна тұз қоры жиналған. Қажеттілік туындаған жағдайда қосымша ауыр техникаларды (автогрейдерлер) жалға алу үшін «Айя Сервис» ЖШС, «Тараз Көлік Жолы» ЖШС және «Арай Строй Маркет» ЖШС сияқты мекемелермен келісім-шарттар қарастырылған.
✅Қар тазалау бригадалары тәулік бойы, екі ауысымдық кесте бойынша жұмыс істейді. Барлық жұмыстар Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бекіткен кестеге сәйкес атқарылады.
🔹Мекемеде диспетчерлік қызмет үздіксіз бақылау жүргізіп отырады. Жұмысшыларға арналған демалыс бөлмесі жабдықталып, күніне үш мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, әр күнге арнайы кезекшілік кестесі бекітіліп, қысқы маусымдағы жұмыстардың сапалы әрі уақтылы орындалуы тұрақты бақылауда болады.
📌 Қаланың қысқы кезеңдегі қауіпсіздігі мен тазалығы – «Жасыл ел-Тараз» ұжымының адал еңбегінің