ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: “Мөлдір бұлақ” экологиялық акциясы өтті

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: “Мөлдір бұлақ” экологиялық акциясы өтті

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН:
“Мөлдір бұлақ” экологиялық акциясы өтті

Бүгін “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында Үлгілі ауылында “Мөлдір бұлақ” атты экоакциясы өткізілді.
Акцияда ауыл ішінде орналасқан табиғи бұлақ көзі тазартылды. Бұлақ маңындағы шөп-шалаң, қураған өсімдіктер мен тұрмыстық қалдықтар жиналып, бұлақ көзі қалпына келтірілді.
Аталған акцияның басты мақсаты - табиғатты қорғауға, су көздерін (бұлақтарды, өзен-көлдерді) тазартуға және оларды сақтау маңыздылығын насихаттауға бағытталған.
Бұл әсіресе, жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мен табиғатқа жанашырлықпен қарауға тәрбиелеуді көздейді.

Ақпараттық медиа орталығы.