Құрылыс кезеңінде 6 мыңға жуық адам еңбек етсе, зауыт толық іске қосылғанда 1 500 тұрақты жұмыс орны ашылады. Жұмысшылардың 90%-ын қазақстандықтар құрайды, қалғаны – шетелдік мамандар. Инвесторлар бес жыл ішінде жергілікті кадрларды Қытайда оқытып, біліктілігін арттыруды көздеп отыр.
Жоба толық қуатына жетпей тұрып-ақ, биыл жергілікті шаруалардан 300 мың тонна жүгері сатып алу басталады. Бұл офтейк-келісімшарттар арқылы тұрақты шикізат қорын қалыптастырумен қатар, фермерлер үшін өнім өткізу нарығын кеңейтеді.