
Аудан әкімі Карентаев Ермек Амангелдіұлы Биназар ауылындағы ауыз су имаратының құрылыс алаңына арнайы барып, нысанда атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Сапар барысында жауапты сала мамандары мен мердігер мекеме өкілдерінің есебін тыңдап, құрылыс жұмыстарының сапасы, орындалу барысы және аяқталу мерзімі жөнінде нақты тапсырмалар берді.
Бұдан кейін аудан әкімі ауыл ішін аралап, ауыз су құбырының тартылу жұмыстарын көрді. Әрбір тұрғын үйге жүргізіліп жатқан су құбырының қосылу нүктелерімен танысып, қазылған траншеялар мен төселіп жатқан инженерлік желілердің жай-күйін бақылады. Сонымен қатар, жауапты мамандарға құрылыс жұмыстарын сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтап, тұрғындарды орталықтандырылған ауыз су жүйесіне уақытылы қосуды қамтамасыз етуді тапсырды.