Ақсүйек ауылының әкімі Г.Жунусовтың
құрба айт мерекесімен құттықтауы!
Құрбан айт - иманды күшейтетін, кеңпейіл, бауырмал, қонақжай болуға насихаттайтын асыл мереке. Құрбан айтта жасаған барша ізгі амалдарыңызға сауаптан жазғай. Осы мереке қарсаңында Алланың назарында, бақыттың базарында шалқуыңды тілеймін. Алла екі дүние бақытын нәсіп еткей. Алладан сұраған әрбір тілегіңіз періштелер құлағына шалына берсін. Салиқалы ұрпақ тәрбиелеуді нәсіп етсін.
Құрбан айт күллі мұсылманның ең ұлық мейрамы. Ренжіскен кешіріп, ажырасқан татуласып, Алла жолына құрбандық шалынып, зікірлер айтылып, садақалар берілетін, бауырмалдықты арттыратын Құрбан айт мерекесі құтты болсын. Отбасыңызға ынтымақ-бірлік, мол дәулет тілеймін. Басыңызға атақ-абырой, бақытты, мәнді өмір тілеймін. Бай-қуатты болыңыздар! Құрбан айт құтты болсын!