«Талас – 2025» тактико-саптық оқу жаттығуына дайындық барысы тексерілді

«Талас – 2025» тактико-саптық оқу жаттығуына дайындық барысы тексерілді

2025 жылғы 14 мамыр күні «Талас-2025» тактико-саптық оқу-жаттығуына дайындық барысын бақылау мақсатында басқарма басшысы Е. Байболат және облысы әкімінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері жөніндегі көмекшісі полковник А. Хамзин мамандандырылған база аумағында орналасқан шатырлы қалашыққа барды. Сапар барысында арнайы база мен аумақтық қорғаныс бригадасының өкілдерімен кездесіп, дайындық жұмыстарының барысымен жан-жақты танысты. Жауапты тұлғалармен әңгімелесу нәтижесінде нақты тапсырмалар беріліп, алдағы іс-шаралардың жоспары нақтыланды. Іс-шараның мақсаты – аумақтық қорғаныс жүйесінің дайындығын арттыру және бірлескен іс-қимылдар үйлесімділігін пысықтау болып табылады.