2025 жылғы 14 мамырда облыс әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Е. Байболат және облыс әкімінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері жөніндегі көмекшісі полковник А. Хамзин әскери госпиталь ғимаратына барып, оның техникалық жағдайымен және дайындық деңгейімен танысты. Нысанды аралау барысында басшылық тарапынан көтерілген мәселелер тыңдалып, госпиталь қызметін жетілдіруге қатысты бірқатар ұсыныстар талқыланды. Бұл кездесу өңірдегі қорғаныс инфрақұрылымының сапалы жұмыс істеуін қамтамсыз ету жолында қолға алынған маңызды қадамдардың бірі. Госпитальдың тиімді әрі толыққанды жұмыс істеуі – өңір қауіпсіздігі мен әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайын қамтамасыз етудің маңызды бөлігі. Басқарма тарапынан алдағы жұмыс барысын үйлестіру бойынша нақты тапсырмалар берілді.