Облыс әкімінің бірінші орынбасары Н. Календеров пен басқарма басшысы Е. Байболат Жамбыл облысы бойынша қорғаныс аумақтық бригадасы нысандарындағы құрылыс жұмыстарының сапасы мен жүргізілу барысымен танысты.

2025 жылғы 6 мамыр күні Жамбыл облысының қорғаныс аумақтық бригадасының нысандарындағы құрылыс жұмыстарының сапасы мен жүргізілу барысын бақылау мақсатында облыс әкімінің бірінші орынбасары Н. Календеров пен облыс әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Е. Байболат құрылыс алаңына барды. Құрылыс орнында жауапты мердігер ұйым өкілдерімен кездесу өткізіліп, құрылыс жұмыстарының мерзімі, сапасы және қауіпсіздік талаптарының сақталу мәселелері талқыланды. Құрылыс жұмыстарының сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқталуы үшін нақты тапсырмалар беріліп, алдағы жоспарлар құрылыс кестесіне сәйкес нақтыланды. Бұл шара облыс бойынша қорғаныс мақсатындағы инфрақұрылымды жетілдіру жұмыстарының маңыздылығын айқындайды.