Хабарландыру

Хабарландыру

Құрметті, әлеуметтік желі қолданушылары!

 

Жамбыл облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысының міндетін атқарушы Е.Амирхановтың сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілетін ішкі талдау (әрі қарай – Ішкі талдау) жүргізу туралы бекіткен бұйрығына сәйкес, облыс әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасында ағымдағы жылдың мамыр-маусым айларында ішкі талдау жұмыстары жүргізілетінін хабарлаймыз.

 

Ішкі талдау жұмыстары 15 мамыр – 26 маусым аралығында жүргізіледі.

 

Егер де, Сізде аталған сала қызметіне қатысты қандай да бір нақты мәліметтеріңіз бен арыз-шағымдарыңыз, білдірер ұсыныс-пікірлеріңіз болса, төменде көрсетілген мекен-жайларға жолдауыңызды сұраймыз.

 

Барлық проблемалық сұрақтар мен құқық бұзушылықтардың нақты фактілері бойынша осы көрсетілген байланыс құралдары арқылы хабарласу қажеттігін жеткіземіз.

 

Байланыс нөмері: 962020