
Облыс әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы және мамандандырылған базаның қызметкерлерімен семинарлық кеңес өткізілді.
Семинар барысында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды іске асыру мәселелері және «Documentolog» электрондық құжат айналымы жүйесінде құжаттарды бақылау-пысықтау жұмыстарын жүргізу тәртібі талқыланды.
Жиын нәтижесінде, айтылған бағыттар бойынша семинарға қатысушыларға ұсыныстар мен ескертпелерді орындау міндеттемесі жүктелді.