
Тараз қаласында «Тараз – қолөнершілер қаласы» халықаралық қолөнершілер фестивалі аясында ауқымды гала-концерт ұйымдастырылды. Гала-концерт «Көне-Тараз» этномәдени кешенінде өтіп, онда отандық және шетелдік өнерпаздар өнер көрсетті. Кеш барысында дәстүрлі музыка, би қойылымдары және қолөнер мәдениетін насихаттайтын сахналық көріністер ұсынылды.
Аталған маңызды мәдени іс-шараға Жамбыл облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы белсенділік танытты.