
2026 жылғы 4 сәуір күні Тараз қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жалпы қалалық сенбілік өтті.
Сенбілікке Облыс әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы белсенді қатысып, өздеріне бекітілген Қызылабад аумағында тазалық жұмыстарын жүргізіп, экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында 10 000 түп қараағаш көшеті отырғызылды.
Аталған шара қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.