
Жамбыл облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасында (әрі қарай – Басқарма) «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні » мерекесіне орай салтанатты іс-шара өткізілді.
Іс-шараға Басқарманың, мамандандырылған базаның және 99205 әскери бөлімінің басшылық құрамы мен қызметкерлері қатысты.
Салтанатты жиында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай мекеме басшылығы ұжымның барша нәзік жандыларды шын жүректен құттықтады. Мерекелік іс-шара барысында әйелдердің қоғамдағы, отбасындағы және еңбек ұжымындағы маңызды рөлі ерекше атап өтілді.
Жиын барысында барлық әйел азаматтарға облыс әкімінің құрмет грамотасы мен алғыс хаты, Басқарма басшысының алғыс хаттары мен гүл шоқтары табысталып, олардың еңбегіне ризашылық білдірілді.