
2026 жылдың 23 ақпанында облыс әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Е. Иманбаевтың төрағалығымен басқарма қызметкерлері және басқарманың мамандандырылған базасы басшылығының қатысуымен аппараттық жиналысы өтті.
Республикалық референдумға жүргізілген дайындық жұмыстары туралы есеп берілді және де Конституциялық реформа туралы түсіндіру жұмыстары өтті. Сайлау учаскелер бойынша дауыс берушілердің тізімі нақтыланып, алдағы кезеңде жүзеге асырылатын Республикалық референдумға қатысуға басқарма мамандары қолдау білдірді.
Сонымен қатар, жиын барысында 2026 жылғы көктемгі мерзімді әскерге шақыру науқанына дайындық барысы, облыстық шақырту пунктіне жасалып жатқан жөндеу жұмыстарының ахуалы, сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын-алу және қарсы іс-қимыл мәселелері, әдеп кодексінің сақталу көріністері қаралды. Басқарманың және мамандандырылған базаның жауапты қызметкерлерінің баяндамалары тыңдалып, басқарма басшысы тарапынан жауапты тұлғаларға тапсырмалар берілді.