Конституциялық реформа мәселелері талқыланды

Конституциялық реформа мәселелері талқыланды

Ағымдағы жылдың 10 ақпанында аумақтық қорғаныс бригадасының жеке құрамы мен жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының қызметкерлерімен Конституциялық реформалар жөнінде кездесу өтікізілді.

Кездесу мақсаты – елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды саяси реформалар, соның ішінде жаңа Конституция жобасына енгізіліп отырған өзгерістерді түсіндіру және оны қорғаныс бригадасының жеке құрамы мен жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының өкілдерімен талқылау.

Жиын барысында облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан  Сәбитұлы Календеров Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған парламенттік реформа туралы кеңінен баяндады.

Кездесуде жаңа Конституция жобасының басты бағыттары – адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, әділеттілік, заң мен тәртіп қағидаттарын нығайту, білім мен ғылымды, инновация мен цифрландыруды дамыту мәселелері кеңінен қозғалды.

Сондай-ақ, азаматтардың цифрлық ортадағы құқықтарын қорғау нормалары алғаш рет Конституция деңгейінде бекітілетіні айтылды.