Әскерге шақыру науқанына дайындық барысы пысықталды

Әскерге шақыру науқанына дайындық барысы пысықталды

2026 жылдың 6 ақпанында  облыс әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасымен Мойынқұм ауданының әскерге шақыру пунктілерінің жағдайы зерделеніп, әскерге шақыру науқандарына дайындық барысы бойынша  жиын өткізілді.

Жиын барысында әскерге шақыру науқандарында берілген жасақты орындау бойынша мәселелер, мүдделі органдардың өзара іс-қимыл әрекеттері мен әскерге жинақтау пунктісінің жағдайын жақсарту бойынша атқарылатын жұмыстар талқыланды.

Жиын қорытындысымен жауапты мекемелер мен мүдделі тұлғаларға жасақтың орындалуын қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берілді.